Қытайда лай көшкінінен екі адам көз жұмды

Қытайда лай көшіп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 19 адамды басып қалған. Ресми мәліметке сәйкес тау бөктеріндегі 8 үй тас-талқан болды. Оқиға көрші елдің Дафан уездінде тіркелді. Жоғалған адамдар табылмай жатыр. Жергілікті билік шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Оған құтқарушылардан бөлек, әскерилер де тартылды. Мамандар дрон ұшырып, іздеу жұмыстарына иісшіл иттерді қосқан. Елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі апатқа геологиялық сипат беріп отыр.