Ливерпульде футбол жанкүйерлерін көлік қағып кетті

Ливерпульде 53 жастағы жергілікті азамат футбол клубының Англия чемпионатындағы жеңісін тойлап жүрген жанкүйерлерді көлікпен қағып, басып өткен. 

Салдарынан 17 адам жараланды. Британия премьер-министрі бұл оқиғаны сұмдық деп бағалады. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.