Газада Израиль шабуылдарынан бір күнде 80-нен астам адам қаза тапты
Газа секторында Израиль шабуылынан 1 күнде 80-нен астам палестиналық қаза тапты.
Қаралы хабарды "Әл-Жазира" телеарнасы жеткізген. Анклавтың орталық, оңтүстік және солтүстік аудандары талқандалған. Әсіресе Газа және Бейт-Лахия қалаларына әуеден бірнеше соққы жасалды. Жүздеген тұрғын үй мен шатыр қираған. Израиль әскері бұл ғимараттарда ХАМАС ұйымының нысандары, оның ішінде қару-жарақ қоймалары болған дейді. Израиль 18 мамырда жаңа құрлық операциясын бастаған болатын. Мақсаты - ХАМАС-ты толығымен жою.