Бурятияда 37 мың гектар орман алқабы отқа оранды
Бурятияда 37 мың гектар орман алқабы отқа оранды.
Бұл туралы республиканың Орман шаруашылығы агенттігі хабарлаған. Бұл аймақта тілсіз жау наурызда тұтанып, төтенше жағдай жарияланған. Онымен күреске 800-ден астам өрт сөндіруші мен 200 арнаулы техника тартылды. Бірақ алапат от ырық берер емес. Өрт аумағындағы демалыс орны жабылды.
«Өртке адамдардың салғырттығы себеп», - дейді билік.