АҚШ-қа Швейцария сағаттарының экспорты 2,5 есе өсті
АҚШ-қа Швейцария сағаттарының экспорты 2,5 есе өсті. Бұған Дональд Трамптың баж салығын көтеру туралы шешімі себеп. Тариф күшіне енбей тұрып, компаниялар тауарды шекарадан көптеп өткізуге тырысып жатыр.
Өйткені Швейцарияның сағат шығару саласы үшін АҚШ ең ірі нарық саналады. Блумберг басылымының дерегінше, экспорт 18% артып, оның көлемі 3 млрд долларға жеткен. Айта кетейік, Дональд Трамп Швейцарияға салықты 31%-ке дейін көтерді. Бірақ жуырда Еуропа елдері үшін тарифтерді 9 шілдеге дейін шегерді.