Мумбайды су басты

Үндістанның ірі қаласы Мумбайды су басты. Қатты жаңбырдан кейін көшелер мен метро суға толды. Метеорологтар: «Маусымдық жаңбыр мерзімінен бұрын 2 аптаға ерте басталды», – деп отыр.

Елде қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Оңтүстік Азияға жауатын муссондық жаңбырлардың салдары ауыр келеді. Әсіресе егістік алқаптары суда қалатын шаруаларға қиын. Кейінгі жылдары елде температура күрт көтеріліп, ауа райы өзгеріп жатыр. Алайда ғалымдар жаһандық жылынудың муссон жүйесіне қалай әсер ететінін әлі анықтай алмай отыр.