Суданда тырысқақтан бір аптада 172 адам көз жұмды
Суданда тырысқақтан 1 аптаның ішінде 172 адам көз жұмды. Жұқтырғандар саны 2700-ден асады. Олардың көбі оңтүстік және солтүстік аймақтардың тұрғындары.
Бұл туралы Құтқару жөніндегі халықаралық комитет өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, індеттің таралуына тазалықтың сақталмауы, дәрі-дәрмек, вакцина мен медицина қызметкерлерінің тапшылығы себеп. Су тазалайтын станциялар мен ауруханалардың көбі жұмыс істеуден қалған. Тырысқақ адамнан адамға инфекциясы бар су және тамақ арқылы жұғады. Көбіне бұл індетпен балалар мен қарттар ауырады.