Израиль Газа секторына $62 млрд көлемінде шығын келтірді

Израильдің Газа секторындағы әскери операциясынан келген шығын 62 миллиард долларға бағаланды, деп хабарлайды 24kz.

Мұны жергілікті биліктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 2023 жылдың қазан айынан бері еврей армиясы ғимараттардың 90%-ін бомбалап, қиратты. Сондай-ақ 200-ден аса тарихи-мәдени нысан бүлінді. Су құбырлары мен кәріз жүйелері жұмыс істемейді. Адам шығыны да көп. 18 мыңнан аса бала қаза тапқан. Оның 350 мыңы сәби. Тағы 50-ден аса бала аштықтан көз жұмған.