Грекияда такси жүргізушілері шеруге шықты

Грекияда жүздеген такси жүргізушісі онлайн қызмет ұсынатын тасымалдаушы компанияларға наразы.

Олар үкіметке өз талабын жеткізу үшін Көлік министрлігі ғимаратының алдына жиналды.

Шерушілер: "Афинаға "Uber секілді цифрлық платформалар келгелі жұмысымыз жүрмей, табысымыз азайды", - дейді. 

Сондықтан биліктен осындай онлайн қызмет көрсететін тасымалдаушылардың жұмысын реттеуді талап етті. Сондай-ақ жиылған жұрт ресми тіркелген такси жүргізушілеріне қалалық автобустарға арналған арнайы жолақпен жүруге рұқсат етуді сұрайды. Бұл жолаушыларды діттеген жеріне қауіпсіз әрі жылдам жеткізуге мүмкіндік береді, дейді олар.