Жапония Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдетті

Жапония билігі Сирияға салынған экономикалық санкцияларды жартылай алып тастады, деп хабарлайды 24kz.

Сөйтіп, Араб республикасындағы төрт банк шектеуден босатылды. Бұл ел экономикасын қалпына келтіріп, гуманитарлық жағдайдың жақсаруына қолдау ретінде жасалып отыр. Осы мақсатта Жапония биыл Сирияға ЮНИСЕФ қоры арқылы 5 миллион доллар бөлген. Қомақты қаржы тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге жұмсалды. Естеріңізде болса, жақында Еуроодақ пен АҚШ билігі де Араб республикасына салынған санкцияларды жеңілдеткен еді.