Д. Трамп: ХАМАС пен Израиль жақын арада бітімге келуі мүмкін
ХАМАС пен Израиль жақын арада бітімге келуі мүмкін. Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның сөзінше, ақжолтай жаңалық бүгін-ертең жарияланады.
«Қазір қарулы қақтығыстың тоқтауына нақты мүмкіндік бар», – дейді Ақ үй басшысы. Десе де Газа тұрғындары бұл келісімнен үміт күтпейтін тәрізді. Израиль гуманитарлық көмекті таратуды өз қолына алғалы ахуал одан бетер ушыға түсті. Соңғы 2 аптада Газаның солтүстігі мен шығысынан 200 мың адам босып кеткен. Өйткені нәр татпай, ашқұрсақ жүрген тұрғындарға азық-түлік анклавтың тек оңтүстігінде таратылады. Оның өзі бәріне бірдей жетіп жатқан жоқ. Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаулы.
Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі:
- Қазір өте ауыр кезең. Бірз тараптардың келісімге келіп, бітім орнағанын қалаймыз. Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізу жағы реттеліп, тұрғындар азаптан құтылса дейміз.