Ресейде Брянск облысының губернаторы пойыз апатының себебін атады

Ресейдің Брянск облысында пойыз апатқа ұшырап, 7 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24kz.

Аймақ губернаторы Александр Богомаздың мәдімдеуінше, апатқа жарылыс себеп. Соңғы ақпарға қарағанда, оқиға кезінде жараланғандар саны артып, 73 адамға жеткен. Олардың 44-і ауруханада. Арасында 4 бала бар. Бір сәби санавиациямен Мәскеуге жеткізілді. Пойыз астынан өтіп бара жатқанда автокөлік көпірі құлаған. Зардап шекпеген жолаушыларды Мәскеуге басқа пойыз алып кетті. Апат себебі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.