Францияда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 559 адам қамауға алынды
Францияда «Пари Сен-Жермен» футбол клубының жеңісінен кейін көшеде тәртіпсіздік жасаған 500-ден аса адам қамауға алынды, деп хабарлайды 24kz.
Көбі көлікті бүлдіріп, өрт қойғаны үшін ұсталды. Дүкендерді де тонағандар бар.
Естеріңізде болса, 31 мамырда «Пари Сен-Жермен» Италияның «Интер» клубын 5:0 есебімен жеңіп, алғаш рет УЕФА чемпиондар лигасының кубогын ұтып алған еді.
Осыдан кейін француз клубының жанкүйерлері: «Жеңісті атап өтеміз», - деп соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланды.