Швейцарияда бадминтон ойнайтын робот жасалды
Швейцариялық ғалымдар адамдармен бадминтон ойнайтын робот жасап шығарды, деп хабарлайды 24kz.
Ол итке ұқсас. Қолында ракетка бекітілген. Құрылғы қатарынан 10 снарядты ұра алады. Роботтың 4 аяғы бар. Бұл қозғалыс кезінде тепе-теңдікті ұстап тұру үшін жасалған. Сондай-ақ жылдам әрекет етуге де де қолайлы. Өнертапқыштар құрылғы спортшылардың жаттығуын жеңілдету үшін жасалғанын айтады. Жақында Қытайда боксшы роботтардың турнирі өтті. Ал Грекия гуманоидтардың алғашқы халықаралық олимпиадасын қабылдауға дайындалып жатыр.