АҚШ, Канада және Мексикада қызылшаға шалдыққандар саны артты

АҚШ-та қызылша жұқтырғандар көбейіп барады.

Індет Канада мен Мексикада тез таралып жатыр. Қызылша түсік тастауға және сәби өліміне алып келеді, дейді дәрігерлер. Канаданың Онтарио провинциясында қызылша жұқтырған нәресте шетінеп кетті. Анасы қызылша, паротит және қызамыққа қарсы екпе алмаған. Биыл АҚШ-та кәмелетке толмаған екі бала мен 1 ересек аурудан көз жұмды. Ал көршілес Мексикада 4 адам қайтыс болған. Олардың ешбірі  екпе алмағаны анықталды.