Оңтүстік Африканы мекендейтін пингвиндер азайып барады

Оңтүстік Африканы мекендейтін пингвиндердің саны жылдан жылға азайып барады, деп хабарлайды 24kz.

Оған пингвиндердің негізгі азық көзі сардина мен анчоус балықтарының шамадан тыс аулануы мен теңіздерде кемелердің көбеюі себеп болып отыр. Бұлай кете берсе, 2035 жылға қарай африкалық пингвиндердің жабайы табиғатта жойылып кету қаупі бар. Тіпті халықаралық табиғатты қорғау одағы бұл түрдің жойылып кету қаупі төнген жануарлар тізіміне де қосты. Енді оны сақтау мақсатында пингвиндер мекендейтін алты негізгі аймақта балық аулауға тыйым салынбақ.