Жапониядағы АҚШ-тың әскери базасында жарылыс болды
Жапонияның Окинава аралындағы АҚШ-тың әскери әуе базасында жарылыс болды.
"Эн-Эйч-Кей" ((NHK)) телеарнасының хабарлауынша, Жапонияның қарулы күштері бақылауындағы оқдәрі сақталған қойма жарылған. Ол бомбаларды сарбаздар залалсыздандырмақ болған. 4 жауынгер жараланыпты. Бірақ дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіп жоқ деді.