Израильдіктер Газа секторындағы әскери операцияны тоқтатуды талап етті
Израильде мыңға жуық адам Тель-Авивте шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.
Қолдарына тұтқындардың суреттерін ұстап шыққан жұрт билікке: «ХАМАС-пен дереу бітімге келіңдер», - деген талап қойды.
Шерушілердің арасында Газа секторында тұтқында отырған израильдіктердің отбасылары да бар. Олар: «Кепілге алынғандарды үйге қайтару үшін әуелі ХАМАС-тың шарттарын орындау қажет», - деп санайды. Сондықтан Газадағы әскери операцияны тоқтатуға шақырды. Қазір ХАМАС тұтқынында 55 израильдік қалды. Еврей билігінің мәліметі бойынша олардың жартысынан көбі қаза тапқан.