Сирияда құрылыс жұмыстары кезінде 1500 жыл сақталған қорым табылды
Сирияда құрылыс жұмыстары кезінде көне қорым табылды, деп хабарлайды 24kz.
Соғыста қираған үйлердің үйінділерін тазалап жатқан мердігер 1500 жыл сақталған тарихи нысанның үстінен бір-ақ шыққан.
Идлиб провинциясында табылған бұл оба осы жерді мекендеген тұрғындардың ерте тарихынан, мәдениетінен мол мағлұмат береді. Археологтардың айтуынша, көне қорым шамамен Византия дәуіріне жатады.