АҚШ-қа ағылған мигранттар қарасы арта түсті
Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттарына келетін мигранттар саны едәуір өсті. 2021 жылы елге 1,73 миллион адам кірсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2,76 миллионға жетті. 2023 және 2024 жылдары да олардың саны күрт артты. Былтыр 2,8 миллион мигрант тіркелді. Бұл АҚШ-қа ағылып жатқан келімсектер көбейіп жатқанын көрсетеді.
Жалпы Құрама Штаттарындағы мигранттардың көбі Калифорнияда тұрады екен. Былтырғы статистикаға қарағанда бұл штатта 10,5 млн келімсек бар. Сондай-ақ Нью-Йорк, Техас және Флоридада да келімсектердің саны 4 миллионнан асады.