«Тайм» журналының мұқабасына Трамп саясатына қарсы карикатура шықты

Президент Дональд Трамптың көші-қон саясатына қарсы карикатура «Тайм» журналының мұқабасына шықты.

Сурет басылымның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Мақала авторлары «Бостандық» ескерткішінің бір бөлігін, яғни алау ұстаған қолын бейнелеген. Бірақ жалынның орнына Трамптың бет-бейнесіне ұқсас отты, ал артында тікен сымдарды салған.