Газа секторында білім ошақтарының 90%-ы талқандалған

Газа секторында мектептер мен университеттердің 90 пайызы талқандалды.

Бұл БҰҰ-ның халықаралық тәуелсіз комиссиясы жүргізген тергеу қорытындысы.

Баяндамада келтірілген деректер бойынша Израиль әскерилері анклавтағы білім ошақтарында әдейі жарылыс ұйымдастырып, өртеп жіберген. Комиссия өкілдері еврей билігі мұны палестиналықтардың білім алуын шектеу үшін жасап отыр деп санайды. Газада 660 мыңға жуық бала кейінгі бір жарым жылда мүлде мектепке бармаған.