Лос-Анджелестегі ереуіл кезінде 100-ден аса адам қамауға алынды
Лос-Анджелестегі наразылық кезінде 100-ден аса адам қамауға алынды.
Қала мэрі Карен Басстың айтуынша, ұсталғандардың арасында қарумен жүргендер бар. Бүлікшілер ғимараттарды тонап, көліктерді өртеп жіберген.
Лос-Анджелестегі тәртіпсіздіктер мигранттарды тексеру шараларынан кейін 6 маусымда басталды. Жиналған жұрт полиция қызметкерлерінің рейд кезінде мигранттарға күш қолданғанына наразылық танытқан. Президент Дональд Трамп ахуалды реттеу үшін шаһарға Ұлттық гвардияның 2 мың сарбазы мен теңіз жаяу әскерінің 700 жауынгерін жіберді.