Газада 40 мыңнан аса бала жетім қалды

Бұл соғыстан жетім қалған бала саны да аз емес, деп хабарлайды 24kz.

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорының дерегі бойынша 40 мыңнан аса сәби отбасынан айрылған. Халықаралық ұйым өкілдері бұл көрсеткіштің күннен күнге артып жатқанына алаңдаулы. Әсіресе, тұл жетімдер саны өте көп. Сарапшылар: «Балаларға бұл жан дертінен айығу үшін жылдар қажет болады», - деп отыр.

Абу Хосса, Газа секторының тұрғыны:

- Тамақ, ішетін ауызсу, балаларға арналған жөргектер, жуыну заттары ешқайсысы жоқ. Әйтеуір өлместің күнін кешіп жүрміз. Үйінде ер азаматтары барларға оңайырақ. Ал, менің арқасүйер ешкімім жоқ. Балаларға өзім қараймын. Ешқайда тастап та кете алмаймын. Кейде осының бәрін көргенше өлгенім артық деп ойлаймын.