Украинаға жауынгерлерінің мәйіті қайтарылды

Ресей Украинаға қаза тапқан 1200 сарбаздың мәйітін қайтарды.

Бұл ақпаратты Украинаның әскери тұтқындары істері жөніндегі үйлестіру штабы растады. Марқұмдардың аты-жөндері жақын арада анықталады. Айта кетейік, Мәскеу мен Киев 2 маусымда Ыстамбұлда өткен келіссөз кезінде 6 мыңға 6 мың формуласы бойынша бір-біріне жауынгерлердің мәйіттерін қайтаруға уағдаласты.