Ресей Украинаға тағы 1200 жауынгердің мәйітін қайтарды

Ресей бүгін Украинаға тағы 1200 әскери қызметкердің мәйітін тапсырды, деп хабарлайды 24kz.

Кеше де Мәскеу 1200, ал бірнеше күн бұрын 1212 жауынгердің денесін қайтарған. Бұл 2 маусымда Ыстамбұлда өткен келіссөздің екінші раунды кезіндегі келісім аясында жасалып отыр. Ол кезде Ресей Украинаға 6 мың әскери қызметкердің мәйітін тапсыратынын айтқан. Бұдан бөлек, кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауыр жараланған тұтқындармен алмасуға да келіскен. Екі жақ бүгін сол процесті бастап кетті.