Ресей мен Украина мәйіт алмасуды аяқтады
Ресей мен Украина мәйіт алмасып бітті. 2 маусымда Ыстанбұлда жасалған келісім бойынша Мәскеу Киевке 6 мыңнан аса жауынгердің мәйітін қайтарса, Украина Ресейге 78 сарбаздың денесін берді. Мұны Кремль басшысының көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді.
Репатриациялық іс-шараға Халықаралық Қызыл Крест ұйымы да атсалысты. Ресей Украинаға тағы 2200-ден аса мәйітті қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Киев Мәскеудің ұсынысына қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.