АҚШ-тың 32 ұшағы Таяу Шығысқа аттанды

АҚШ әуе күштері жанармай құятын 32 ұшағын Еуропаға аттандырды.

Милитари Уоч Мэгэзин" ((Military Watch Magazine)) басылымының дерегі бойынша Германия, Испания, Италия және Ұлыбритания аумағына аздап аялдаған әуе көліктерінің біразы артынша Таяу Шығысқа бет алған. Жалпы Американың жойғыш ұшақтары алыс қашықтыққа ұша алмайды. Оларға қосымша жанармай құю қажет. Жанармай құюшы ұшақтардың суыт аттанғаны жайында биліктің өзі тіс жарған жоқ. Айта кетейік, Дональд Трамп Иранға қарсы шабуылға қатысым жоқ дегенімен Израильді қорғап отыр. Сондықтан сарапшылар АҚШ бұл ұшақтарды еврей армиясына қолдау көрсетуге жіберуі мүмкін, деп топшылайды.