Иран Израильдің «Моссад» штаб-пәтеріне шабуыл жасады

Иран Израильдің әскери-барлау құрылымдарының штаб-пәтерлеріне шабуыл жасады.

Бұл туралы Ислам Революциясы Сақшылар корпусы мәлімдеді. Олар жариялаған деректерге қарағанда, Иран Израильдің әскери операцияларды жоспарлау, яғни, «Моссад» штаб-пәтерін, сондай-ақ, әскери-барлау қызметі «Аман» басқармасын бомбалаған. Осыған дейін Тегеран жауларына қарсы соңғы үлгідегі қару-жарақ қолдана бастағанын жариялады. Тель-Авив шабуылға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.