АҚШ Құдыстағы елшілігін жапты

АҚШ Құдыстағы елшілігін жапты. Уақытша шешім Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты қабылданған.

Дипломатиялық миссия кемінде осы аптаның аяғына дейін жұмыс істемейді. Сондай-ақ Тель-Авивтегі консулдық бөлім де жабылды. Бірақ америкалық дипломаттар мен отбасы мүшелері Израильден кеткен жоқ. Оларға бомбаханаға жақын маңда болу ескертілген. 16 маусымда Иран Тель-Авивтегі АҚШ-тың елшілік ғимаратына зымыранмен зақым келтірді.