Израиль Ирандағы центрифуга нысанына соққы берді

Израиль Иранның уран өндірісіне қажетті центрифугалар өндіретін нысанға соққы жасады. ЦАХАЛ жасаған ресми мәлімдемеге қарағанда соққы іске қосылған центрифугаларға емес, оларды өндіретін зауыттарға жасалған.

Айта кеткен жөн, центрифугалар – бұл уранды байытуға арналған құрылғы. Олар атом электр станциялары үшін отын өндіруде де, ядролық қару жасауда да қолданылады. Бұл Израильдің ядролық қару жасау бойынша Иран жобасына жасалған кезекті соққысы.