Қытайда су тасқынына байланысты 29 мың адам көшірілді

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында алапат су тасқынынан 29 мың адам көшірілді.

Толассыз жауған жаңбырдан өңірдегі Суйцзян өзені тасып жатыр. Ахуал әсіресе Хуайцзи уезінде қиын. Мұнда табиғат апатынан 78 мың тұрғын зардап шекті. Тас жолдардың жартысын топан су басты. Интернет пен электр жарығы жоқ. Аймақта қауіптің ең жоғарғы қызыл деңгейі жарияланды.