Иран зымыраны Израильдегі ауруханаға түсті
Иран зымыраны Израильдің Беэр-Шева қаласындағы ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24kz.
«Әл-Жазираның» хабарлауынша, соққы салдарынан 30 адам жараланған.
Иран ақпарат құралдары: «Шабуылдың мақсаты Израиль әскерінің аурухана жанында орналасқан ірі басқару-барлау орталығы мен тыңшылар лагері болған», - дейді.
Сондай-ақ Тель-Авив пен тағы 2 қалаға соққылар жасалды. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы тараптарды оқ атуды тоқтатуға және қақтығысты реттеуге шақырған. Антониу Гутерриштің айтуынша, әскери жанжал аймақтағы жағдайды қатты ушықтырады.