Екі миллион сириялық босқын еліне оралды
Биыл 500 мың сириялық отанына оралды.
Бұл қаңтардан мамыр айына дейінгі көрсеткіш. Ал былтыр желтоқсаннан бері 2 млн адам еліне қайтқан. 14 жыл бойы 14 миллион адам Сириядағы солақай саясаттың салқынынан қашып, босқынға айналған еді. 6 миллионы көршілес елдерге бас сауғалап кетті. 7 миллионы елде қалғанымен баспанасы жоқ. Халықтың 70 пайызы гуманитарлық көмекке зәру. Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар... Биыл Башар Асад билігі құлап, елдегі жағдай біртіндеп реттелуге қарады. Сириядағы бұл серпіліс миллиондаған адамға тұрмысын жаңғыртуға үміт сыйлады. Енді үдере көшкен жұрттың арманы өз еліне оралу.
Ресми деректерде сириялықтар әлемнің 137 елінен пана сұрағаны жазылады. Соның 73 пайызы қазір Түркия, Ливан, Иорданияда тұрып жатыр. Ең көбі Түркияда шоғырланған. Мұнда 2,8 млн сириялық бар.
Түркия - 2,8 млн
Ливан - 784 000
Иордания - 649 100
ЦИТАТА:
Халықаралық қауымдастықтар мен әлем елдері сириялықтардың өз еліне оралуына барынша қолдау көрсетуге тиіс. Күйреу алдында тұрған ел еңсесін тіктеп, қайтадан тұтас мемлекет болып қалыптасу кезеңіне аяқ басты. Сирия қазір үлкен қолдауға зәру.
Филиппо Гранди, босқындар ісі бойынша БҰҰ жоғары комиссары
Босқындардың мансапта көтерілу мүмкіндігі аз
Экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрақты елдерден сауға сұрап, тентіреген жұрттың жағдайын әлем елдері реттеуге тырысып келеді. Биылғы тақырып та босқындардың таңдауына құрметпен қарау төңірегінде. Ол жөнінде БҰҰ бас хатшысы былай дейді:
ЦИТАТА:
Босқын болуды ешкім таңдамайды. Бірақ адамзат оларға қолдау көрсетуді таңдай алады. Босқындар өздеріне мүсіркеп қарағанды қаламайды. Олар жаңа өмір бастау үшін тек мүмкіндік сұрайды. Қоғамға өз үлесін қосып, жақсы өмір сүргісі келеді. Сондықтан оларға қолдау көрсету маңызды.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы
Босқындардың мансапта көтерілу мүмкіндігі аз
Босқындарды жайлы тұрмыс, жақсы жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Саяси тұрақсыздық білікті мамандардың мансапта көтерілуін тежеуі мүмкін. Мәселен, кейінгі 10 жыл ішінде Австралияға барған Ирак азаматтары өз мамандағы мен жұмыс өтілі бойынша жұмысқа тұра алмаған. Тіпті шетелде білім алғанын растайтын дипломы бола тұра, сандалып жүргендері көп. Деректерге қарағанда Бағдадтан барған босқындардың ішінде әйелдердің 30 пайызы, ер адамдардың 19 пайызы өз елінде басшылық лауызымды атқарған. Алайда бұл көрсткеш кейінгі 10 жыл ішінде 17-7 пайызға азайған.
Босқындар ең көп шоғырланған елдер
Қазір әлемде 122,6 млн босқын бар. Көрсеткіш 2023 жылы 117,3 млн болған. Олардың ең үлкен шоғыры Иран, Түркия, Германия, Уганда және Пәкістанда. Иран мен Түркиядағы босқындар саны 3 миллионнан асады. 1990 жылдары орта есеппен жыл сайын 1,5 миллион адамның еліне оралуына мүмкіндігі болса, қазір бұл көрсеткіш 385 мыңға азайған. Яғни қайтып оралуға қауіп көп деген сөз.
1. Иран - 3,76 млн
2. Түркия - 3,14 млн
3. Германия - 2,66 млн
4. Уганда - 1,65 млн
5. Пәкістан - 1,58 млн
Дереккөз: БҰҰ