Женевада Иран мен Еуропа елдері арасында келіссөз басталды

Кездесуге Ұлыбритания, Франция, Германия мен Еуроодақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас қатысуда, деп хабарлайды 24kz.

Олар ресми жиында ортақ шешімге келу арқылы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дипломатиялық шешім табуға үмітті. Бірақ БҰҰ мінберінен сөз сөйлеген Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильдің Иранның ядролық нысандарға соққысын «әскери қылмыс» деп атады. Айтуынша, америкалықтар, ядролық бағдарлама бойынша 15 маусымда бейбіт келісімге келмек болған.

«Бірақ олар халықаралық құқықтан аттап кетті», - дейді ол. Ал еуропалық әріптестері АҚШ-тың Тегеранмен әлі де тікелей келіссөз жүргізуге ашық екенін жеткізді.

Аббас Аракчи, Иран сыртқы істер министрі:

- Біздің бейбіт ядролық нысандарымызға шабуыл жасалды. Олар толық МАГАТЭ-нің бақылауында болып, оны атқылау халықаралық құқық бойынша қатаң тыйылғанына қарамастан соққыға ұшырады. Израильдің әрекеті ауыр әскери қылмыс саналады.