Пәкістан Д. Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Пәкістан билігі АҚШ Президенті Дональд Трампты бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынды.

Бұл туралы ақпарат осы ел үкіметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. «Исламабад Үндістанмен шиеленісте Ақ үй басшысының шешуші рөліне үміт артады.  Оның арағайындығы екі ел арасындағы текетірестің тоқтауына сеп болды», - дейді Пәкістан билігі.