Иран Израильді зымыранмен атқылады

Иран Израильді зымыранмен атқылады. Олардың саны 25-тен асады.  

Хайфа, Тель-Авив және Шефела қалаларында қатты жарылыс болып, 11 адам жараланған. Қазір Израильдің бірнеше аумағында әуе дабылы жарияланды. Тұрғындарға қауіпті аймақтардан кету туралы қатаң ескерту жасалды. Айта кетейік, бұл Иранның АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған соққысынан кейінгі алғашқы шабуылы.