Йемендік хуситтер Иранға қолдау білдірді

Израиль мен АҚШ-тың Иранға көрсеткен сесіне йемендік хуситтер қол қусырып отыра алмай, Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысуға бел буды. Олар Иранға бағытталған соққылар тоқтамайынша Қызыл теңіздегі АҚШ-қа тиесілі кемелерді шабуылдауын үдете түспек.

Қызыл теңіз – әлемдік сауданың шамамен 10%-і өтетін стратегиялық маңызды аймақ. Бұл өңірдегі шиеленістің ушығуынан жаһандық экономика мен қауіпсіздікке келер залал көп.