Израильде наразылық шерулері өтті
Тель-Авивте билікке қарсы жаппай наразылық шеру өтті. Халық 2 жылдан бері ХАМАС қолында тұтқында отырған туыстарын қайтаруды талап етті.
Алаңға жиылған жұрт билік басындағы «Ликуд» партиясының штаб-пәтері алдында лагерь құрып, қаланың негізгі көшелерінің бірін жауып тастады. Олар биліктен тұтқындарды босату үшін ХАМАС-пен келісімге келуді сұрады. Қазір Газа секторында 53 израильдік тұтқында отыр. Олардың шамамен 20-сы тірі болуы мүмкін. Бұл шерулер ХАМАС пен Израиль арасында қайта басталған келіссөздер аясында өтіп жатыр. Келісімді талқылау үшін екі тараптың өкілдері Каирге келді. ХАМАС тұтқындарды босату үшін, атысты толық тоқтатып, Израиль әскері Газа секторынан біржола шықсын дейді. Ал Израиль бұған үзілді-кесілді қарсы.