Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Путинмен кездеседі
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Мәскеуге барды.
Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша мұнда ол Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Сарапшылар Иран Кремльден саяси қолдау сұрауға барды деп топшылап отыр. Осыған дейін Президент Путин Таяу Шығыстағы шиеленісті реттеуде Иран мен Израильдің мүддесі бірдей ескерілуі керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу екі жақпен сөйлесіп, байланысып отыр. Бірақ арағайын болуға ұмтылмайтынын, тек шиеленісті шешу жолдарын ұсынатынын атап өтті.