Иранды қолдайтын күштер АҚШ базаларын талқандамақ
Иранды қолдайтын күштер АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы әскери базаларына соққы жасамақ.
New York Times басылымының дерегі бойынша бұл шабуыл Американың Ислам Республикасындағы ядролық нысандарды бомбалауына қарымта жауабы болмақ. Пентагон Таяу Шығыстағы әскери базалардың қауіпсіздігін мейлінше күшейтті. Ал АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті шетелдегі азаматтарын сақ болуға шақырды. Ведомство сайтында жарияланған ескерту хабарламасында Америкаға қарсы наразылық шаралары өтуі мүмкін екені айтылған.