Иран Сириядағы АҚШ әскери базасын шабуылдады

Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс сәт сайын ушығып барады. 

Бүгін Иран АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына шабуыл жасады. Нысан елдің солтүстік-шығысында орналасқан. Жергілікті Мехр ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, шабуыл артиллериялық қару арқылы  жасалған. Әзірге келтірілген залал туралы нақты ақпарат жоқ.