Иран уран байыту жұмыстарын тоқтатпайды

АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған соққысына қарамастан Иран уран байыту жұмыстарын тоқтатпайды.

 Мұны Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлім етті. Мәлімдемеде Тегеран ядролық қаруды таратпау туралы шартты орындап отырғаны айтылған. Сондай-ақ уранды байыту тек бейбіт мақсатты көздейтінін атап өтті. Бұдан бөлек Иран өзге мемлекеттерге елдің ішкі мәселесіне араласып, өнеркәсіптік дамуын тежеуге жол бермейміз дейді.