Иран СІМ: Израильмен бітімге келгеніміз жоқ

Трамп айтуын айтып, әлемге жар салғанымен, Иран Израильмен бітімге келген жоқ. Бұл туралы Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Израиль басқыншылық әрекетін Тегеран уақытымен таңғы 4:00-ге дейін доғарса ғана Иран қарымта шабуылын тоқтатады. Сөйтіп, екі жақ атысты кім бірінші тоқтады деп даурығып жатыр. Ал қарулы қақтығыстың әзір басылатын түрі жоқ.