Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісім күшіне енді
Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісім күшіне енді. Бұл туралы Ислам Республикасының мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Кейінгі мәлімет бойынша жергілікті уақытпен таңғы 4-те Тегеранда тыныштық орнады. Бірақ мұны Иранның Сыртқы істер министрлігі растаған жоқ. Израиль билігі де ешқандай пікір білдірмеді. Тек президент Трамп әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Таяу Шығыстағы қиян-кескі шайқас тоқтағанын хабарлап, екіжақты келісімді бұзбауға шақырды.