Иранда Израиль шабуылдарынан 606 адам қаза тапты

Иранда Израиль шабуылдарынан 606 адам қаза тауып, 5 мыңнан астам тұрғын жараланған, деп хабарлайды 24kz.

Олардың көбі балалар мен әйелдер. Бұл туралы парсы елінің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Құрбандардың басым бөлігі қиранды астында қалып көз жұмған. Ал 5%-і алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Соққылар салдарынан 7 аурухана мен 9 жедел жәрдем көлігі қираған.