Қытайда тасқыннан зардап шеккен аймақтарға дрондар көмек тасып жүр

Қытайдың оңтүстік-батысында өзендер тасып жатыр. Гуйчжоу провинциясында 300-ден астам ауыл тұрғыны сырт әлемнен оқшауланып қалды.

Лай көшкіні жолдарды жауып, жалғыз көпірді шайып әкеткен. Тасқыннан зардап шеккен аймаққа көмекті арнайы жүк дрондары тасып жүр. Құтқарушылар тұрғындары көшіріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта жаңбыр өткен аптадан бері жауып тұр. Кей өңірде 400 миллиметрден астам жауын-шашын түскен.