3500 көлік тиелген жүк кемесі Тынық мұхитына батып кетті
Үш апта бойы жанған су көлігі тереңдігі 5 мың метрдей болатын жерге кеткен, деп хабарлайды 24kz.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт кеменің 800 электркар тұрған жағынан шыққан. Апатқа литий-ион аккумуляторларының жануы себеп деген болжам бар. «Рейтердің» дерегі бойынша Либерияға тиесілі жүк көлігі мамырдың соңында Қытайдың Яньтай портынан Мексикаға бет алған болатын. Борттағы 22 экипаж мүшесінің барлығы құтқарылды. Тергеу жүріп жатыр.