Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды
АҚШ-та президент Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды. Осы бастаманы көтерген республикашыл Бадди Картердің сөзінше, Ақ үй басшысы Иран мен Израиль мәселесін реттеуде шешуші рөл атқарды. Сондай-ақ Таяу Шығыста ядролық қарудың таралуына жол бермеді.
Осыған дейін Пәкістан билігі де президент Трампты бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынды. Исламабад: «Оның арағайындығы Үндістанмен текетірестің тоқтауына сеп болды», – деп отыр.