Израиль әскері 79 палестиналықты өлтірді

Израиль әскері бір күнде 79 палестиналықты атып өлтірді, деп хабарлайды 24kz.

Газа секторының тағы 400 тұрғыны жараланған. Бұл туралы «Әл-Жазира» хабарлады. Зардап шеккендердің көбі гуманитарлық көмек тарататын орталық маңына жиналғандар екен. Сондай-ақ ажал құшқандар арасында Кафр Малик ауылының тұрғындары бар. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша, Израиль мамырда Газаға жаңа шабуыл бастаған соң осы аймақта қатар қоныстанған палестиналықтар мен израильдіктердің арасында қақтығыс жиілеген.